Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.11°C

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Маңғыстау облысында төрт адамның өмірін қиған жол апаты болды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты
Фото: istockphoto.com

Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 6 ақпан күні "Бейнеу – Сайотес" тас жолында Toyota Camry мен КамАЗ соқтығысты. Жеңіл көліктің төрт жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Ал жүргізуші сан алуан жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы (өлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Айта кетері, осы қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.