Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.11°C

Рудныйда төбесі опырылып түскен тұрғын үй апатты деп танылған жоқ

Қостанай облысының Рудный қаласында тұрғын үйлердің бірінің төбесі құлап түсті. Алайда, бұл ғимарат әлі де апатты деп танылған жоқ, деп хабарлайды Paryz.kz «Город» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Рудныйда төбесі опырылып түскен тұрғын үй апатты деп танылған жоқ
Фото: Рудный АА

«Төтенше жағдай бір пәтердің санитарлық торабында болған. Төбе жабындысының ағаш тіректері шіріп, тұрғындар бірнеше күн бойы тесіктер арқылы аспанды көріп отырған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ», — деп жазады басылым.

Жергілікті тұрғындар бұл мәселені шешу үшін Рудный қаласының тұрғын үй қатынастары бөліміне жүгінген. Алайда, шенеуніктер «алдымен техникалық зерттеу жүргізу үшін ұжымдық өтініш жазу қажет» деп жауап берген. Алайда кейбір көршілер коммуналдық қызметтерге қарыз болғандықтан, құжатқа қол қоюдан бас тартыпты.

«Үй техникалық зерттеуден кейін апатты деп танылса, ол консервацияланады, ал тұрғындар басқа баспанаға орналастырылады. Алайда, бұл процестің қашан аяқталатыны белгісіз. Тұрғындар қауіпті үйде бірнеше ай бойы өмір сүруге мәжбүр болуы мүмкін. Тұрғындар биліктен шұғыл шаралар қабылдауды талап етіп отыр», — деп жазылған материалда.