Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Бас имамның зәулім үйін» видеоға түсірген адамға 700 мың теңге айыппұл салынды

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әлеуметтік желіде жала жапқаны үшін Б есімді азаматқа қатысты істі қарады, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Бас имамның зәулім үйін» видеоға түсірген адамға 700 мың теңге айыппұл салынды
фото: видеодан скриншот

Құқық бұзушы әлеуметтік желіге зәулім үйдің видеоролигін жариялап, ол үйдің халықтың қайырымдылыққа берген қаражатына салынғанын, оның Астана қаласының бас имамына тиесілі екенін айтқан.

Сол арқылы әлеуметтік желіде басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне, беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәлімет таратқан. 

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, үйдің кімге тиесілі екенін, оның қандай қаражатқа салынғаны белгісіз екенін түсіндірді, бейнероликті тек көру үшін жариялағанын айтып, өкініш білдірді. Жәбірленуші құқық бұзушыны заң бойынша жазалауды сұрады.

Сот жаза тағайындау барысында құқық бұзушының кінәсін мойындағанын, шын жүректен өкінгенін ескерді. Құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 180 АЕК (707 760 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.