Ішкі істер министрлігі мектептерде оқушыларға есірткі беріп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Paryz.kz.
WhatsApp мессенджеріндегі чаттарда мектептерде балаларға «құлпынай квик» кәмпиттері таратылып жатқанын, бұл тәттінің құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар екені туралы ақпарат тараған.
«Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдар тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Мұндай хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн», - дейді ІІМ. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ата-аналарға балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу өте маңызды екенін еске салды.