Прямая трансляция

Астана

Астана

-16.03°C

«12 вагон тәркіленді»: Ақтөбеде зауыт жұмысшылары автогазды тонналап ұрлаған

Ақтөбеде автогазды заңсыз тасымалдамақ болған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

«12 вагон тәркіленді»: Ақтөбеде зауыт жұмысшылары автогазды тонналап ұрлаған
Фото: istockphoto.com

Қазір сұйытылған газға сұраныс жоғары болғандықтан, күдіктілер зауыттағы есепке алынбаған қалдық газды жинап, 12 вагонға тиеп, теміржол арқылы сатпақ болған.

Ұрлықтың ізін жасыру үшін олар газды уақытында тіркемей, құжаттарға өзгеріс енгізіп отырған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыстық топты анықтауға ұлттық қауіпсіздік қызметі, полиция және прокуратура өкілдері тартылған. Қазір күдіктілер қамауға алынды.

«Тергеу барысында күдіктілердің газ өндіретін компанияда жұмыс істегені анықталды. Олар есепке алынбаған газды жинап, кейін теміржол арқылы тасымалдаған. Кен орнынан ұрланған газы бар 12 вагон тәркіленді. Қазір тиісті сараптамалар жүргізіліп, келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр», – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.