Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әкімдерді “Педагог мәртебесі туралы” заңды қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды paryz.kz.
Министр “Педагог мәртебесі туралы” заңды бұзу фактілері бар екенін айта кетті.
«Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер заң бұзушылықтардың 120 жағдайын тіркеді. Атап айтқанда, Семей қаласында мұғалімдерді тиесілі емес функцияларға тарту соңы қайғылы жағдайға әкеліп соқтырды. Өңірлердің басшылығын заңды қатаң сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырамын», – деді Ғани Бейсембаев.