Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Енді тұрғын үй төлемдері өрт сөндірушілерге де төленеді

Қазақстанда ТЖ қызметкерлеріне көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй төлемдері беріледі. Бүгін Парламент Мәжілісі тиісті нормалар көзделген заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Енді тұрғын үй төлемдері өрт сөндірушілерге де төленеді
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтің айтуынша, қазір азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй өтемақысы және қызмет бабымен басқа өңірге көшкені үшін қосымша ақы төленбейді.

«Осы төлемдер қызметкерлерге, әсіресе жылжымайтын мүлік құны қымбат өңірлерде тұрғын үй шығындарын өтеуге көмектесер еді. Сонымен қатар өмір сүру жағдайлары қауіпті шалғай және жетуі қиын жерлерде, атап айтқанда төтенше жағдай, әскери немесе төтенше жағдай жарияланған жерде жұмыс істегені үшін өтемақы төленбейді, шипажай-сауықтыру емімен қамтамасыз етілмейді. Сондай-ақ казармалық жағдайда болғаны үшін тамақтандыру қарастырылмаған», - деді Әрінов Мәжілістің жалпы отырысында.

Осыған байланысты заң жобасында құтқарушыларға және олардың отбасы мүшелеріне қоныс аударған кезде жәрдемақы төлеу, мүлікті тасымалдау, теміржол, су және автомобиль көлігімен жол жүру шығындарын өтеу ұсынылып отыр. 

Бұған қоса соғыс немесе төтенше жағдай, терроризмге қарсы операция кезінде, қарулы қақтығыс жағдайында, сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған аймақтарда жұмыс істегені үшін үстемеақы белгіленеді.

Үстемақы қаражаттың 3 еселенген мөлшерінде төленеді, ал еңбек өтілінің бір күні үш күнге есептеледі. Сонымен қатар өрт сөндіруші-құтқарушылардың баспананы жалға алу шығындары өтеледі.

Егер өрт сөндіруші немесе құтқарушы жауынгерлік жағдайда қызметтік міндетін орындау кезінде зардап шексе, санаториялық-курорттық негізде оңалтуға құқығы болады.

«Жалпы алғанда, тұрғын үй төлемдері мен үстемеақыларды белгілеу білікті мамандарды тартуға және олардың тұрақты жұмыс істеуіне, сондай-ақ олардың қаржылық жағдайын жақсартуға көмектеседі», - деді Әрінов.