Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Ауылға қарай таксиге отырдым": 20 күн бұрын жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Шымкентте 20 күн бұрын жоғалып кеткен жігіт өлі табылды, – деп хабарлайды Paryz.kz

"Ауылға қарай таксиге отырдым": 20 күн бұрын жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды
фото: видеодан скриншот

Аталған ақпаратты Шымкент қаласының Полиция департаменті растады. Бәйдібек Еділбек 14 қаңтарда Шымкентке көлік құжатын алу үшін барған.

Түркістан облысы Шұбарсу ауданынан қалаға досымен келіп, оны әуежайға шығарып салыпты.

Кейін “ауылға қарай таксиге отырдым” деп әкесімен хабарласқан жігіт түскі 15:00-ден кейін байланысқа шықпаған.

20 жастағы жігіттің мәйітін қаладағы еріктілер іздеп тапқан. Еріктілердің айтуынша, ол көшелердің бірінде суицид жасаған.