Алмас Кішкенбаевқа қатысты іс сотқа жолданды, ол бүгін қаралады. Іс 31 қаңтарда қаралуға тиіс болған, алайда 3 ақпанға шегерілген, деп хабарлайды paryz.kz.
Жоғарғы Сот сайтындағы сот кабинетінде жарияланған материалдарға сәйкес, Алмас Бексейітұлы Кішкенбаевқа қатысты іс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша қозғалған.
«2024 жылғы 31 қаңтарда жәбірленушінің, яғни, кәмелетке толмағанның заңды өкілінің іспен танысуына байланысты қарауды басқа күнге шегеру туралы ауызша өтініші бойынша істі қарау мүмкін болмады», — делінген құжатта.
Істі әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарайды. Сот отырысы бүгін сағат 17:20-да өтеді.