Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Батыс Қазақстанда жеңіл көлік суға батып кетті

Оралда өзенге батып кеткен автокөліктен екі ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды paryz.kz.

Батыс Қазақстанда жеңіл көлік суға батып кетті
фото: видеодан скриншот

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 2 ақпан күні сағат 18.00-ге таман «Самал» шағынауданы маңында болды.

«Өзенге батып кеткен көлік құралынан табылған екі ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Мүрделер сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі құтқарушылардың көлік пен адам денесін судан шығаруға көмектескенін жеткізді.