«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Синоптиктер мәліметінше, алдағы үш күнде республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында ауа райын атмосфералық фронтальды бөлімдер қалыптастырады, қар, жаяу бұрқасын, батыс өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, көктайғақ құбылыстары болжанады.
«Еліміздің оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз, температура қолайлы болады деп болжанып отыр. ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі болжануда. Түнде ауа температурасының батыста -8...-13°C дейін, солтүстікте, орталықта -13...-21°C дейін, шығыста -15...-30°C дейін біртіндеп төмендеуі күтілуде», - делінген синоптиктер болжамында.