Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Адамның денесін бөлшектеп, қоқысқа тастаған: Жезқазғандағы адам шошырлық оқиғаның видеосы тарады

Жезқазғанда ер адамның денесін бөлшектеп, қоқыс жәшігіне тастаған оқиғаның видеосы жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Адамның денесін бөлшектеп, қоқысқа тастаған: Жезқазғандағы адам шошырлық оқиғаның видеосы тарады
фото: видеодан скриншот

Кадрда әйел мен ер адамның қоқыс контейнеріне бара жатқанын көруге болады.

Ер адам кілемге оралып, бөлшектелген мәйітті иығына салып, көтеріп бара жатқанын көруге болады. Ісін жасап болған соң ер мен әйел сәл алыстап, бірнәрсе туралы ақылдасып, алаңсыз кетіп қалды.

Еске салайық, кісі өлтіру оқиғасы 30 қаңтарда Байқоңыр көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Ер адамның бөлшектелген денесі қоқыс жәшігінен табылды.