Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Түркістан облысында 900 жылдық тарихы бар мұнара реставрациядан кейін қирап қалған

Түркістан облысындағы Қаратау тауының басында орналасқан тарихи нысан – «Ақбикеш» мұнарасына сәтсіз реставрация жүргізіліп, қазір құлау қаупінде тұр. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысында 900 жылдық тарихы бар мұнара реставрациядан кейін қирап қалған
фото: әлеуметтік желіден

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шамамен XII-XIII ғасырда Дешті-Қыпшақ тұрғызған мұнара жөндеуден өткеннен кейін көбірек зардап шеккен. Бұл ескерткіш мемлекет қорғауында. Мұнара қабырғасы осыған дейін де жарылған. Нәтижесінде, 2020 жылы «Қазреставрация» қалпына келтіру жұмысын жүргізген.

Алайда арада 5 жыл өткен соң ескерткіш тіптен жарамсыз болып қалған. Тарихи нысанның қирауына қар мен жаңбыр себеп болған көрінеді. Дегенмен жергілікті белсенділер ескерткішті шатырмен жабу керектігін жауапты органдарға қайта-қайта ескерткен. Салдарынан қазір мұнараның бір жағы толығымен қираған. Тарихи ескерткішке шұғыл қалпына келтіру жұмыстары қажет.

 Осыған байланысты, «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес, ресми хат Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне ғылыми қалпына келтіру жұмыстарын 2025 жылға арналған жоспарға енгізу туралы ұсыныспен жіберілді, деп хабарлады Мәдениет департаменті.

2020 жылғы қалпына келтіру жұмыстарының кадрларында құлау алдында тұрған ескерткіштің кірпішпен қапталғанын көруге болады.

Аталмыш басылымның мәліметінше, осыдан кейін жергілікті белсенділер мұндай жұмысқа қарапайым кірпіштің қолдануға болмайтынын, орнына күйдірілген кірпіш қолдану керектігін ескерткен.