Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Жаныңды шығарамын»: Мақпал Жүнісованың қызы анасынан не үшін қорқатынын айтты

Мақпал Жүнісова мен оның қызы Мерейдің қатысуымен өткен бағдарламаның архивтік видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Paryz.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.

«Жаныңды шығарамын»: Мақпал Жүнісованың қызы анасынан не үшін қорқатынын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Бұл видео желіде тез таралып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

«Мен анамның ақылын тыңдаймын. Ақылын тыңдамасам, анамнан қорқамын. Ол маған қатты айқайламайды, бірақ «өй, жаныңды шығарам, таяқ жейсің» деп айтады. Сол сөзінен қорқамын», - деп ағынан жарылды.

Оның бұл сөзін естіген Мақпал Жүнісова мен студиядағы көрермендер ду күлді. Желі қолданушылары анасы мен қызының арасындағы жылы қарым-қатынасқа тәнті болып, оларға ұзақ ғұмыр тіледі.