Бүгін Оралдағы Жуков көшесі бойында салынып жатқан 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу кезінде биіктен кірпіш құлап, өтіп бара жатқан ер адамға тиген, деп хабарлады paryz.kz.
Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ер адам алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.