Астанада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды. Жиын барысында Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан қосылған құн салығын 20 пайызға дейін көтеруді қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Премьер-министр бағалардың күрт өсуіне жол бермейтінін атап өтті. -
«Негізгі салық жүктемесі еңбекақы төлеу қорына, яғни өзіндік құнға түседі. Тауар сөреге түскенге дейін де кәсіпкер салықтың көп бөлігін төлеуге мәжбүр. Үкімет еңбекақы төлеу қорына жүктемені оны сатуға ауыстыру арқылы азайтуды ұсынады. Ол үшін ҚҚС мөлшерлемесін арттыру қажет», деді Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.