Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қымбатшылық: Елімізде коммуналдық қызметтің бағасы өседі

Премьер-министр Олжас Бектенов нарықтық баға саясатына біртіндеп көшетінімізді айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Қымбатшылық: Елімізде коммуналдық қызметтің бағасы өседі
Фото: paryz.kz

Үкімет жанар-жағармай материалдары мен газ бағасын, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және теміржол тасымалы салаларындағы тарифтерді кезең-кезеңмен ырықтандыруды бастады.

Біртіндеп нарықтық баға саясатына көшу осы салаларға қажетті инвестицияларды тартуға және жанармай тапшылығының алдын алуға мүмкіндік береді.

Біз бағаның күрт қымбаттауына жол бермейміз. Осыны баса айтқым келеді, – дейді Олжас Абайұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.