Прямая трансляция

Астана

Астана

-23.03°C

Еліміздегі мешіттерге Алаш қайраткерлерінің есімі беріледі

Биыл мешіттерге Алаш қайраткерлері, батырлар, ғұламалар мен ахун-ишандардың есімдері беріледі. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өзінің бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.


Еліміздегі мешіттерге Алаш қайраткерлерінің есімі беріледі
Фото: istockphoto.com

ҚМДБ мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда 2 888 мешіт жұмыс істейді. Мешіттерге қазақ халқының рухани, мәдени және тарихи мұрасын насихаттау мақсатында ерекше тұлғалардың есімдері берілмек.

Бас мүфтидің айтуынша, бұл бастама ҚМДБ-ның құрылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған шаралардың бірі.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай айтулы мерейтойдың мәнін арттыру мақсатында қазақ даласынан шыққан әулие, ғұлама, батыр, алаш қайраткерлері мен ахун-ишандардың есімін мешіттерге береміз», – деді Бас мүфти. 

Сонымен қатар Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне арналған Бағдарлық баяндамасында 2025 жылды

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялады. Бұл бастама отбасылық құндылықтарды нығайтуға және исламның рухани-адамгершілік негіздерін насихаттауға бағытталған.