Прямая трансляция

Астана

Астана

-24.03°C

Жамбыл облысында 18 ауылда жарық сөніп, мыңнан аса көлік жолда қалды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ауа райының қолайсыз болуына байланысты тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды Paryz.kz Jambylinfo.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында 18 ауылда жарық сөніп, мыңнан аса көлік жолда қалды
Фото: Жамбыл облысы әкімінің ресми парақшасынан

«Жабық аумақтарда 627 жүк және 573 жеңіл автомобиль, сондай-ақ, 15 жолаушылар автобусы (200 адам, оның ішінде 10 бала) жиналған. Жолда қалған жүргізушілер мен жолаушыларға барлық қажетті көмек көрсетілуде. Олар ыстық тамақ пен сусынмен қамтамасыз етілуде.

Бұл шараларға барлығы 71 қызметкер мен 45 бірлік техника жұмылдырылды. Шақпақ ата, Б.Момышұлы, Нұрлыкент, Айша бибі ауылдарында 6 жылыту пункті ашылды. Оларға орналасуға ешқандай өтініш түспеді.

 Сағат 12: 00-де Жамбыл ауданы Айша бибі ауылынан 10 автобуспен жолаушыларды Тараз қаласының темір жол вокзалына жеткізу ұйымдастырылды. Қиын жағдайға тап болған 377 жолаушы жедел түрде темір жол қатынасымен тиісті бағыттарға жөнелтілді»,– деп жазды әкім. Жуалы ауданында бүгін қатты желдің салдарынан 18 елді мекенде электр желісінде апат болып, жарық сөндірілген. Қалпына келтіру жұмыстарына «ЖЭС» ЖШС тарапынан тиісті мамандар жұмылдырылуда.