Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Құтқарушылардың қызметі қауырт" - ТЖМ ресми өкілі

Көктем мезгілінде әрдайым болатын төтенше жағдайлардың қатарында су  тасқыны мен қар көшкіні көш бастап тұрады. Бұл мезгілде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздегі су тасқыны қаупі бар аймақтарды үнемі бақылауда ұстайды. Төтеден болған қауіпті жағдайларда тұрғындардың амандығы мен жағдайдың болу ықтималдылығына баса назар аударады. Біз осы орайда аталған министрліктің ресми өкілі Талғат Уәлиге бірнеше сұрақ қойдық.

"Құтқарушылардың қызметі қауырт" - ТЖМ ресми өкілі
фото: ашық дереккөз

- Алдымен республика аумағында өткен жылы болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы айтсаңыз?

- Өткен жылы "112" бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі пультіне халықтан 6 237 678 қоңырау келіп түсті. Мынадай уақытында ден қою шаралары қабылданды: өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері және Республикалық жедел-құтқару жасағы 11 232 адамды құтқарды, 17 615 адамды эвакуациялады, 438 зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетті, ТЖ орындарынан 748 адам денесін шығарды, 67 234 дабыл бойынша шығу жасады соның ішінде 13 204 - өрт, 10 032 - авариялық-құтқару жұмыстары, 38 685 - өрт ретінде есепке алынбайтын жану, 107 - көрінеу жалған шақырту, 2 022 расталмаған жану фактілері, 3 184 басқалар;

- Көктем мезгілінде қандай қауіпті жағдайлар туындауы мүмкін?

- Көктем мезгілінде ауа райына байланысты елімізде су тасқыны, қар көшкіні сынды төтенше жағдайлар орын алуы ықтимал.

- Күн жылына бастағанда болатын су тасқыны болуы мүмкін. Төтенше жағдайларға дайындық жұмыстары қалай?

- Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырыстары өткізілді, жанар-жағармай материалдарының қоры жасақталды (3,3 мың тонна), инертті материалдар (228,4 мың тонна) және қаптар (912 мың дана), шұғыл шығындарға төтенше резервтер көзделген, шамамен 38 миллиард теңге алдын ала салынған (38,1 млрд.теңге оның ішінде төтенше резерв – 26,6 млрд. теңге, шұғыл шығындар – 11,5). Саны 40 мың адамнан асатын азаматтық қорғау құралымдары, шамамен 13 мың бірлік техника (12 734), 700-ден астам жүзу (725) және 2 мыңға жуық су сору құралдары (1,8 мың), су тасқыны кезеңінде жарылыс жұмыстарын жүргізу  туралы 21 шарт жасалды, елді мекендерден қар шығару жалғасуда, бүгінгі күні 15 миллион текше метрге жуық (14,7 млн. текше метр) қар шығарылды. Сонымен қатар, қорғаныс бөгеттерін салу және жөндеу (148 км), жағалауды нығайту, түбін тереңдету, су тасқыны қаупі бар өзендердің арналарын түзету (371,6 км), су бұру арналарын орнату( 12,2 мың км), арналар мен арықтарды және авто және т/ж көпірлері астындағы су өткізу құрылыстарын тазарту бойынша 12 795 бірлік (12,3 мың км)  жұмыстар жүргізілді.

- Көктемде су басу қаупі бар өңірлерді атасаңыз?

- Су басу қаупі бар аймақта ел бойынша 276 елді мекен қалып отыр, бұл 270 мыңнан астам адам.

- Су тасу салдарының алдын алу және жою үшін қандай күштер мен техникалар жұмылдырылады?

- Су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне ден қою үшін авариялық-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарының тобы құрылды. Бұл 10 мыңнан астам қызметкер және 1,8 мыңнан астам бірлік техника. Халықты құлақтандыру мәселелері де пысықталды. Күштер мен құралдарды жедел жеткізу және зардап шеккен адамдарды жедел эвакуациялау үшін "Қазавиақұтқұтқару" АҚ 20 әуе кемесі дайын тұр.

Жол картасын іске асыру шеңберінде су тасқыны қаупінің алдын алу және жою бойынша 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін ел бойынша үш жүзден астам елді мекендерінде (315) су басу қаупі жойылды және тағы үш жүз он төрт елді мекен үшін тәуекелдер барынша азайтылды, ал бұл 70 мыңнан астам тұрғын үй (71 055) және 350 мыңнан астам адам (358 598).

Республикалық (131,6 млрд.) және жергілікті бюджеттерден (28,6 млрд.) 160 миллиард теңге бөлу жоспарлануда.

- Су тасқыны кезінде жақын маңда орналасқан тұрғындарға қандай кеңестер беріледі?

- ТЖ департаменттері мен жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің ұсынымдарын сақтауды сұраймыз. Атап айтқанда: әркім өз ауласының аумағын уақытылы қардан тазалауы керек, үйлерге жақын орналасқан арықтар мен су өткізу құбырларын қоқыстардан тазалау керек, үй маңындағы аумақты инертті материалдармен қалқалау керек, жергілікті атқарушы органдардан эвакуациялық пункттердің алдын ала белгіленген орындарын және эвакуациялау бағытын нақтылау қажет, жұқа мұз кезінде су айдындарына балаларды қадағалаусыз жібермеу керек.

- Енді еліміздегі қар көшкіні болуы мүмкін аумақтар туралы айтсаңыз?

- Республика аумағында 608 көшкін қаупі бар учаскелер (ШҚО – 336, Алматы қ. – 165, Алматы обл. – 96, Түркістан обл. – 10, Жамбыл обл. - 1) әсер ету аймағына 5 мыңнан астам адам, 215 объект түседі және 155 км автожол (республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар).

Гидрометеорологиялық жағдайды бағалау, мониторингтеу және көшкін қаупі бар учаскелерді бақылауды жыл бойы «Қазселденқорғау» ММ 59 тәулік бекеті, 29 диспетчерлік бекет және 30 қар өлшеу маршруттары қамтамасыз етеді. Еліміздің таулы аудандарында 1903 қар тоқтайтын қалқан бар  (Алматы қ. – 444, ШҚО – 1459), оның ішінде 50 (Алтай ауданының «Зубовская» тауларында (25) және Катонқарағай ауданының «Собачья» тауларында (25) жөнделді. Сонымен қатар, көшкін қаупі бар учаскелерде 103 ақпараттық ескерту қалқандары (ШҚО-48, Алматы қ. - 22, Алматы обл. – 19, Түркістан обл. – 8 және Жамбыл обл.– 6). Бар.

Көшкін қаупі бар аймақтарда орналасқан әкімдіктерге, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына, жеке үй иелеріне 1104 хабарлама беріліп, 3115 брошюра таратылды. БАҚ-та 118 сөз сөйлеу өткізілді (теледидар-19, Веб-сайт-63, газеттер-31, радио-5).

- Көшкін қаупін бағалауды анықтау жұмыстары жүзеге қалай асырылады?

- "Қазселденқорғау" ММ ТЖД және "Қазгидромет" РМК бірлесіп көшкін қаупін бағалауды анықтау үшін 505 жер үсті жүргізілді. Көшкін қаупі бар учаскелерді 7 аэровизуалды зерттеу жүргізілді.

- Әңгімеңізге рақмет!