Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Jusan Bank ATF Bank-ті "жұтатын" болды

АТФ Банктің Jusan банкіне қосылу процесін биыл жыл аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

Jusan Bank ATF Bank-ті "жұтатын" болды
фото: ашық дереккөз

Jusan Bank пен ATF Bank акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында ATF Bank пен Jusan Bank-ті біріктіру туралы шешім қабылданды, деп хабарлады paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

АТФ Банктің Jusan банкіне қосылу процесін биыл жыл аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

ATF Bank-ті Jusan Bank-пен біріктіруге рұқсат алу туралы тиісті құжаттар Қаржы нарықтарын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігіне заңнамада белгіленген мерзімде жолданады.

"Екі банкті біріктіру барысында АТФ Банктің барлық филиалдары мен қызметтері толықтай Jusan банкіне өткенге дейін әдеттегідей жұмыс істей береді", - деп түсіндірді АТФ Банк Басқармасының төрағасы Ғалия Маханова.