Британияның әйгілі телеарнасы BBC-дің журналисі Низар Кинселла Алматының "Қайрат" клубының жас шабуылшысы Дастан Сатпаев Лондонның "Челси" клубына ауысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Жас қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаев "Челси" клубының академиясына қосылады. Оның жасы 16-да», - деп жазды Кинселла Х әлеуметтік желісінде.
Өткен маусымда Дастан Қазақстан U-19 құрамасы мен "Қайраттың" QJ League командасында ойнап, 12 матчта 19 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.