Болат Назарбаевтың ұлы Ханболат Назарбаев басқа әкеден туған бауырына Астанадағы заңсыз салынған ғимаратты сыйға тартты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Nege.Aqsha ақпараты бойынша, 2024 жылдың 20 ақпанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты Болат Назарбаев пен Майра Құрманғалиеваның баласына Тәуелсіздік даңғылындағы сауда-ойын-сауық орталығында заңсыз құрылыс салғаны үшін 103 500 теңге көлемінде айыппұл салды.
2020 жылы Назарбаев сыйлыққа алған жерінде тұрған қонақ үй кешенін бұзып, сауда ойын орталығын рұқсатсыз салуды бастады. Сот экс-президенттің жиеніне тек айыппұл төлеуді ғана емес, сонымен қатар заңсыз салынған ғимаратты бұзуды міндеттеген.
Назарбаев сауда орталығын сүрмеуге рұқсат беруді сұрап, бұл шешімді қайта қарауды талап етті . Алайда, сот өтінішті қабылдамады. Ханболат нысанды бауыры Данияр Кесікбаевқа сыйға тартқан. Олар бір анадан туған, бірақ әкелері басқа.
«Міндетті бұзу туралы қаулы Астана қаласы Әділет департаментіне орындауға жіберілді. Департаменттің мәліметінше, Ханболат Болатұлы бұл нысанды Данияр Кесікбаевқа сыйға тарту туралы келісімшарт негізінде берген. Осыған байланысты басқарма сыйға тарту келісімшартын заңсыз деп тану үшін сотқа талап арыз жолдады», деп хабарлады Астана қаласының Қалалық орта сапасы мен бақылау басқармасының басшысы Ғани Тәжиев біздің ресми сұрауымызға жауап ретінде.