Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматыда QazNews24 танымал сатиралық паблигінің әкімшісі ұсталды

Алматыда Instagram желісіндегі QazNews24 танымал сатиралық паблигінің әкімшісі ұсталды. Ол ұлтараздық тудырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды полицияға сілтеме жасаған paryz.kz

Алматыда QazNews24 танымал сатиралық паблигінің әкімшісі ұсталды
фото: әлеуметтік желіден

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда қалалық полицияның Тергеу басқармасы әлеуметтік желіде жазба жариялау арқылы ұлтаралық араздықты тудыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Аталған қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен пабликтердің бірінің авторы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі. 

Айта кету керек, Instagram желісінде 51 мыңнан астам жазылушысы бар QazNews24 паблигі сатиралық бағыттағы жазбалар жариялайды. Оның желідегі профилінде: "Qaznews24 - сатиралық жаңалықтар тарататын ақпарат агенттігі", - делінген.