Жетісу облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз Дастан Құрманбектің өз-өзіне оқ атты деген ресми нұсқаға ата-анасы сенбейді, деп хабарлайды paryz.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
«Баламның өзін-өзі ата салуы мүмкін емес. Сенбеймін. Жала жабуы мүмкін. Бір күн бұрын ғана барып келдік», - дейді қаза тапқан Дастан Құрманбектің әкесі ауыр күрсініп. Анасы сарбазды өте сабырлы, өте шыдамды, мықты еді деп есіне алды.
Анасы сарбазды өте сабырлы, өте шыдамды, мықты еді деп есіне алды.
«Үйде ауырса да айтпай жүре беретін. Әскерде таяқ жейтіндерін біледі. «Жігітпін ғой, шыдаймын» деп кетті. Әскер дегенде кез-келген адамның көз алдына ұрып-соғу елестейді. Содан кейін туған-туыс аман-есен келулерін тілейді ғой», - дейді сарбаздың анасы. Жарты сағат сөйлескен Ата-анасының сөзінше, Дастанмен демалыс күндері жарты сағатқа сөйлескен. Содан ол «мен үш күн бойы нарядта тұрмын. Ұйықтаған жоқпын. Тоңдым, аяғым да қатып қалды» деп шағымын айтқан. Содан ата-анасы Дастан қайтыс болардан бір күн бұрын барып қайтқан. Ал ертеңінде қайтыс болғанын естіген. «Түнгі бірде үйге келдік. Ертеңінде түсте жұмыста отырған кезімде бөтен нөмірден қоңырау шалып, Дастанның қайтыс болғаны туралы хабар айтты. «Не деп тұрсың десем, Дастан өзін-өзі атты» деді. «Қалай атады ол, тірі ме? десем, қайтыс болды» деп өзіме бірден айтып тұр ғой жүрексіз, мейірімсіздер. Қолымнан келетіні тек жылау. Мен сияқты басқа аналар да жылап қалмасын деп отырмын», – дейді қайғыдан қабырғасы қайысып отырған ана. «Өз еркімен комиссариатқа тіркелген» Дастанның әкесінің айтуынша, ол әскерге қатты қызыққаны соншалық әскери комиссариатқа жасы 18-ге толмай, өз еркімен тіркелген.
«Өзі әскерге баруға қызығып жүрді. 18-ге толмаса да баламның қалауымен әскери комиссариатқа тіркеп қойдық. Алты айдан кейін келісімшартпен әскери қызметке қалсам ба деген ойы да болды. Біз өзің біл, қолдаймыз дедік. Бірақ әскерге барып, ант қабылдағаннан кейін-ақ көңілі суый бастады. Келісімшартпен қызмет етуге қалмаймын, әскери борышымды өтеген соң үйге қайтамын деді. Содан ол жақтан көңілі қалған екен ғой, әлде қысым көрді ме деп ойладым», - дейді сарбаздың әкесі.
Ресми нұсқа Құрлық әскерлері қолбасшылығының мәліметінше, сарбаз оқу-жаттығу барысында қарумен жұмыс істеу ережелерін сақтамай, өлімге әкелетін жарақат алған.
«Қайғылы жағдайдың себептері мен жағдайлары анықталып жатыр. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр», – дейді құзырлы орган.