Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Мәйіттерді зорлаған: ломбардтағылар ер адамның масқарасын шығарды

Алматыда мәйіттерді зорлады деп айыпталған ер адамға қатысты сот басталды, деп хабарлайды Paryz.kz madeniportal.kz-ке сілтеме жасап.

Мәйіттерді зорлаған: ломбардтағылар ер адамның масқарасын шығарды
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы Kozachkov offside телеграм арнасы мәлімдеді. 44 жастағы мәйтіхана күзетшісі Александр Беляев 2024 жылдың сәуір айында ұсталған. Ол өз смартфонын кепілге қою үшін ломбардқа барған, ломбард қызметрі телефонның ер адамның өзіне тиесілі екеніне көз жеткізу үшін галереяны ашуды сұраған. Осы кезде телефоннан өлген адамдардың фотолары мен видеолары шыққан. Ломбард қызметкерлері бірден полицияға хабарласқан.

Александр Беляев мәйітханамен келісімшарт жасасқан күзет компаниясының қызметкері екені белгілі болды.

Арада 8 ай өткенде Беляевке қатысты тергеу аяқталды. Күдіктіге қатысты іс "марқұмдардың денесін бірнеше рет қорлау" бабы бойынша қаралады.

Сондай-ақ тергеу барысында ер адамның бұл әрекеттерді ес-түссіз күйде жасағаны анықталған.