Алматыдан 109 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС мәлім етті.
Мамандардың айтуынша, жер сілкінісі 17:32-де тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 109 км жерде орналасқан.
«Жер сілкінісінің координаттары: 42.330 С. Е.76.320 ш. б. есептік қарқындылығы (баллмен): ҚР аумағында сезілмейді», - делінген хабарламада.