Өскемен қаласындағы дүкендердің бірінде 600 мың теңге жоғалған. Оны ұрлаған жігіт бетін маскамен жауып, дүкеннің терезесін сындырып кірген, деп хабарлайды Paryz.kz.
Полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, жігіт бұрын бұл дүкенге үнемі су тасып жүрген екен. Сондықтан, ақшаның қай жерде тұратынын біліп алған.
«Ұрлықшы бетін маскамен жауып, дүкеннің терезесін сындырып, кассадағы 600 мың теңгені алып кеткен», - деп хабарлайды полиция.
Күдікті енді екі жылдан жетиі жылға дейін сотталып кетуі мүмкін.