Қостанайда мас күйінде маршруттық автобус басқарған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды paryz.kz.
Қостанай қаласында 29 жастағы маршруттық автобус жүргізушісі алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны үшін ұсталды. Ол күнделікті жолаушылар тасымалымен айналысатын.
Үзіліс кезінде сыра ішкен жүргізушіні сапарға қайта шыққанда патрульдік полиция байқап, тоқтатты.
Медициналық куәландыру оның орташа дәрежеде масаң болғанын растады. Бұған қоса, жүргізушінің міндетті сақтандыру полисі де болмағаны анықталды.
Полиция өкілдері автобустың жеке кәсіпкердің атында тіркелгенін және жолға шығар алдында міндетті техникалық тексерістен өтуі тиіс екенін хабарлады.