Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Депутат: Мұғалім болғанда да жемқорлыққа тап болмадым

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жемқорлыққа бетпе-бет тап болмағанын айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

Депутат: Мұғалім болғанда да жемқорлыққа тап болмадым
Baq.kz

«Тұрмыстық жемқорлықпен бетпе-бет кездеспедім. Себебі өмір бойы қоғамдық жұмыстарда еңбек еттім. Менің жақындарымда да ондай болмады. Өз басым өмірімде жемқорлыққа тап болмаппын. Тіпті мектепте мұғалім болғанда да ондай болмаған. Жалпы соңғы кезде жемқорлыққа төзімділік 0-ге тең», - дейді депутат. 

Бейсенбаев Қазақстанда кез келген дүние заң аясында жүзеге асырылатынын атап өтті. Заңсыз әрекет жасап, оны ақшамен шешуге тырысса, ол шешілмейді. Заң керісінше талап қояды. Сондықтан осыны түсіну керек, - дейді Елнұр Бейсенбаев.