Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясы ұшағының “қара жәшіктерінен” алынған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Лавровтың айтуынша, ұшақтағы жазбаларда “қызық мәліметтер” анықталған.
Оның сөзінше, кейбір деректер бұған дейін БАҚ-та тараған апат туралы мәлімдемелерді растамайды. Алайда нақты қандай ақпарат бар екені ашып айтылмады.
— Бразилияда арнайы кездесу өтті, “қара жәшіктер” ашылды. Олардың мазмұны біраз маңызды мәліметтер берді. Толыққанды тергеу нәтижесін күту керек, ақпарат кеңістігінде жағдайды ушықтырудың қажеті жоқ, – деді Лавров баспасөз конференциясында.