Қайғылы оқиға Бостандық ауданында Байтұрсынов пен Тимирязев көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды baq.kz.
Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Полиция қызметкерлерлері қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.
«11-ші троллейбустың жүргізушісі Байтұрсынов көшесімен батысқа қарай келе жатып, 2003 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол өкінішке орай оқиға орнында қаза тапты. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды»,- деді деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.