Ақорда сайты алты жылдан соң жаңарды

Тоқаевтың Twitter желісіндегі ресми аккаунтына және Президент баспасөз қызметінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтемелер сайттың негізгі бетінде көрсетілген. 

Ақорда сайты алты жылдан соң жаңарды
фото: дереккөз

Президенттің ресми сайты жаңарды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлады paryz.kz

Ресми сайттың дизайны мен құрылымы жаңартылып, әсіресе, пандемия жағдайында өзекті болып отырған онлайн-трансляцияларды өткізу мүмкіндігі іске қосылған. Тоқаевтың Twitter желісіндегі ресми аккаунтына және Президент баспасөз қызметінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтемелер сайттың негізгі бетінде көрсетілген.

"Сайттың техникалық сипаттамалары біршама жаңартылды. Атап айтқанда, платформа жаңартылып, веб-сайттың жылдамдығы артты, тұтынушылар үшін парақшаның ашылу уақыты қысқарды, сайттың ішкі компоненттері, деректер қоры және бағдарламалық кластерлер жұмысының ыңғайлы әрі жедел болуын қамтамасыз ететін заманауи бағдарламалық негіздер орнатылды.

Қауіпсіздік Кеңесінің жаңалықтары енді жаңа тарауда жарияланады. Сонымен қатар мұрағаттағы ақпараттарға да қол жеткізу тетігі жетілдірілді. Қазақстан Президентінің сайты соңғы рет 2015 жылы жаңартылған", - деп жазды Уәли Facebook-те.