Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Егіздің сыңарын әуежайда қалдырып кеткен: Air Astana сотта жеңілді

12 жасар қыз баланы "Астана-Орал" рейсінен түсіріп кету оқиғасына қатысты Air Astana компаниясының аппеляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Бұл туралы адвокат Данильхан Шағатаев мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Егіздің сыңарын әуежайда қалдырып кеткен: Air Astana сотта жеңілді
Baq.kz

Адвокат Шағатаев Зере мен анасының мүддесін қорғаған.

Оның сөзінше, сотта әуе тасымалдаушы моральдық өтемақыны 5 миллион теңгеден 1,5 теңгеге дейін төмендетуді сұраған.

Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы шағымды қанағаттандырудан бас тартып, бірінші соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Бұл дегеніміз, баланың анасы 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы алатын болды, – дейді Шағатаев.

Ол сот актісі заңды күшіне енгенін айтады.

« Біз бұл резонанстық істің аяқталғанына қуаныштымыз және жеңіске жеткенімізді үлкен жеңілдікпен айтуға болады. Сот актісі заңды күшіне енді», – деді қорғаушы.