Қалалық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Дәурен Көбеевтің айтуынша, 2024 жылы мегаполисте бір тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 23 есірткі зертханасы жойылды.
– Бір жыл ішінде «есірткі қойып кетуші» деп аталатын 105 адам ұсталды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен әлдеқайда жоғары.Тамыз айында аса ірі операция жүргізілді: психотроптық заттарды жасырын өндірудің үш ұйымдастырушысы ұсталды, 20,6 келіден астам « мефедрон» және 750 кг прекурсорлар, сондай-ақ 800-ге жуық алдын ала оралған есірткі байламы тәркіленді, – деді спикер. Нашақорлыққа қарсы күрес аясында 2024 жылы есірткі сатушылармен байланысқан 12 200 граффити боялып, бұғаттау үшін «Кибернадзорға» жіберілген 623 интернет-сайт анықталды. Қылмыстық жауапқа 322 адам тартылса, оның 15-і шетелдік.
– 2024 жылы Алматыда кәмелетке толмағандардың қатысуымен 9 қылмыстық іс тіркелді. Солардың бірін ұстауға мен қатыстым. Жазғы каникул кезінде кәмелетке толмаған бала қалада ілінген жарнамаға тап болады. Ол сілтемеге өтіп, оны ата-анасына да көрсеткен. Бірақ үлкендер ақпаратты дұрыс тексермеген. Нәтижесінде бала есірткі саудасымен ұсталды. Ата-аналар балаларының бос уақытын қадағалап отыруы, – полиция өкілі брифинг барысында.