Әнші, эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова сахнаға орамалмен шығып, ән айтқаны үшін елдің қатаң сынына ұшырады, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Мөлдір Әуелбекова өзінің желідегі парақшасында орамалы үшін, концерттен шектетілгенін айтып, шағымданған еді.
«Бүгін тағы хабар келді: “Әуелбекова мен Наркенжені орамал таққаны үшін, Аида Балаеваның бұйрығымен концерт тізімінен алып тастаңдар!” депті, білдей біздің Ұлттық арна», - деп назын білдірді әнші.
Алайда көпшілік орамалдағы әншілердің сахнаға шығуына қарсы екенін жазса, кейбірі әншіні қолдайтынын жеткізді.
«Бір Алла өзі қорған болсын сол концертте қатыспайақ қойшы, қайырсыз боп тұр ғой. Наркенже екеуің көшеде ән айтсаң дарда жалт қарап таниды халық құлақтың құрышын қанады. Орамал ақыреттік тәждерің болсын. Өте дурыс жасапты алып тастап. Әдемі жарасымды етіп киген орамалда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Өнері бағалану керек шығар. Орамал тағып хиджаб кию арабтардан келген», - деп жазды көпшілік.