Павлодар-Семей тасжолында көлік апатынан 3 адам мерт болып, бір адам қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды paryz.kz.
Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 8 қаңтар күні Аққулы ауданы Тілектес ауылы маңында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Kia Sportage көлігінің жүргізушісі қар күрейтін көлікті озып өте бергенде қарсы жолаққа шығып кеткен және КамАЗ жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
— Апат салдарынан Kiа көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы сол жерде жан тапсырды. Ал бір жолаушы түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жатқызылды. Соқтығысқан көліктер арнайы тұраққа қойылды, — деп хабарлайды Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.