Жамбыл облысында көлікте отшашу атқан жүргізуші жауапқа тартылды
Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізу барысында Меркі ауданының орталық көшелерінің бірінде өрескел құқық бұзушылық жасаған тұрғындыанықтады.
фото: видеодан скриншот
28 жастағы ер адам түн ортасында көлігінің жүк салғышының үстіне пиротехникалық затты жабыстырып, көлігін жүргізе отырып, отшашу атқан.
Оған ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 2-бөлігімен хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды.