Салтанат Нүкенованың ағасы, құқық қорғаушы Айтбек Амангелді марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы қашан болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды paryz.kz.
«Наурыз айында болады деп топшылаймын. Бәлкім одан ерте немесе кеш басталуы да мүмкін. Тергеу әлі аяқталу сатысында тұр, әрі қарай тараптарға (іс материалдарымен) танысып шығуға уақыт беріледі. Бізден басқа 11 күдікті мен олардың адвокаттары бар. Олар танысып болған соң өз тараптарынан талап-арыз беруі мүмкін. Одан кейін прокуратураға процессуалдық бұзушылықтарды тексеруге жіберіледі. Кейін судьяны анықтау үшін сотқа жолданады. Одан кейін судья өзінің кестесіне сәйкес алдын ала тыңдауды белгілейді. Әрі қарай басты сот талқылауы басталады», – деп жазды Айтбек Амангелді әлеуметтік желіде.