Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Қаңтар айында елімізде ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК 2025 жылдың қаңтар айына арналған ауа райының консультативтік болжамын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қаңтар айында елімізде ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда қаңтардың бірінші онкүндігінде ауа райын Атлантикалық циклондар қалыптастырады, бұл ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды.

«Солтүстік жартысында және республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығысының таулы аудандарында бұрқасынмен қар, кейде қалың қар жаууы мүмкін, елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын жылбысқы қар, жаңбыр түрінде күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде жел 15-20 м/с-дейін күшейеді, кейде екпіні 23-28 м/с жетеді, елдің солтүстік-батыс жартысында жел 30 м/с дейін және одан да көп болуы ықтимал», - делінген ауа райы болжамында. 

Қаңтардың бірінші онкүндігінде температуралық фон күтіліп отыр: Қазақстанның батысында түнде -5+2°С-тан -3-12°С-қа дейін, күндіз -3+5°С-тан 0,-8°С-қа дейін ауытқуы; республиканың солтүстік-батысында түнде 0,-7°С-тан -10-20°С-қа дейін, күндіз -5+2°С-тан -8-13°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі; елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында онкүндіктің басында ауа температурасының түнде -5-13°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз -2-8°С-тан -3+2°С-қа дейін аздап жоғарылауы, содан кейін түнде ауа температурасының -10-20°С-қа дейін, күндіз -5-12°С дейін біртіндеп төмендеуі; елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -8+2°С, күндіз -3+7°С шамасында, содан кейін түнде ауа температурасының -8-15°С, күндіз -3-10°С дейін төмендеуі.

Оңтүстік циклондардың шығуы нәтижесінде ауа температурасы көтерілген кезде бірнеше қарқынды жылу толқындары болжанады:

ҚР солтүстік жартысында күндіз -5+2°С дейін; елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында +2+12°С дейін. Ал солтүстік-батыс антициклонның енуіне байланысты бірнеше қарқынды суық толқындар болжанады, бұл күндері ауа температурасы төмендейді: солтүстік жартысында және ҚР орталығында түнде -25-35°С дейін, күндіз -15-25°С дейін, республиканың оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында түнде -12-22°С дейін, күндіз -3-15°С дейін. Қаңтарда екпінді жел, тұман, көктайғақ жиі болжанады.

«Айта кетерлігі, бір айға арналған болжамды консультативтік ретінде пайдалану керек, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндікке және 2-3 тәулікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады», - дейді синоптиктер.