Кевиннің отбасы қалайша зәулім үй, қымбат киімдер және 15 адамға Парижге саяхаттай алатын мүмкіндікке ие болды?
Осы сұрақ көпшілікті қызықтырған еді. Фильмнің режиссері осы құпияны ашты. Белгілі болғандай, Кевиннің анасы киім дизайнері болған (жертөледегі манекендер есіңізде ме?), ал әкесі жарнама саласында жұмыс істеген.
Ең қызығы, әкесі қылмыспен еш байланысы болмаған, осыған байланысты көп жыл бойы түрлі күмән туындағаны болатын.