2024 жылы Техникалық реттеу және метрология комитеті тексеру жүргізіп, нәтижесінде 6080 бұзушылық (74%) анықтаған.
401 млн теңгеден астам сомаға 740 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.
Сондай-ақ бақылау іс-шаралары барысында аккредиттеу субъектілерінің 105 аттестаты, сондай-ақ сәйкестікті растау жөніндегі 11 мыңнан астам құжат тоқтатылды/кері қайтарылған. Тексерулер аясында 160 өнім үлгісі сатып алынды, оның ішінде 92% жағдайда бұзушылықтар анықталды.
Жедел ден қою үшін 55 шара қолданылды. Өлшеу құралдарын тексеру нәтижесінде тексеру туралы 3150 сертификаттың күші жойылды, сондай-ақ 13 595 бірліктен астам өлшеу аспаптарын қолдануға тыйым салынды.
Сонымен қатар, елдің әртүрлі аймақтарында сәйкес келмейтін өнімдерді, соның ішінде кабельдерді, цементті, электротехниканы және мотор майларын сату жағдайлары тоқтатылды. Мысалы, Ақтөбеде қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмейтін кабель алынып, өнімді қайтарып алу қажеттілігі туралы хабарлама жіберілді. Сұр сертификаттарды сатуды жарнамалайтын интернет-ресурстарды бұғаттауға ерекше назар аударылды. Нәтижесінде аккредитациясыз сұр сертификаттарды сатуды заңсыз ұсынатын 76 сайт бұғатталды.