Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Павлодарда балалар тұрақта тұрған 2 көлік пен скутерді өртеп жіберген

Павлодарда 9 бен 13 жас аралығындағы төрт бала қасақана жеңіл автокөлік пен скутерді өртеп жіберді. Тағы бір көлік өрттен зардап шекті. Залалдың жалпы сомасы 16 млн теңгені құрайды. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Наша жизнь порталына сілтеме жасап.

Павлодарда балалар тұрақта тұрған 2 көлік пен скутерді өртеп жіберген
Фото: depositphotos.com

Бірінші жағдайда екі бала автотұрақта тұрған Mitsubishi Montero Sport көлігін әдейі өртеп жіберген.

Екінші жағдайда Майра көшесіндегі үйдің кіреберісінде екі бала скутерді өртеп жіберді. Осы өрт салдарынан жанында тұрған Chevrolet Tracker де жанып кетті.

«Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Кәмелетке толмағандар ата-аналарының кепілгерлігімен берілді. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары тергеу барысында анықталатын болады», - деп хабарлады полиция.

Жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында көліктің бес қасақана өртенуі орын алды. Төрт жағдайда кінәлілер анықталды.