Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Маңғыстауда есірткі контрабандасының халықаралық арнасы жойылды

20 желтоқсанда Маңғыстау облысында есірткі жеткізудің халықаралық арнасы жойылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Маңғыстауда есірткі контрабандасының халықаралық арнасы жойылды
Фото: ҰҚК

ҰҚК мәліметінше, есірткі сату кезінде ұсталып, соттың санкциясымен үш қазақстандық қамауға алынған. Заңсыз айналымнан 600-ден астам метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді.

Бұған дейін, қарашада ҰҚКД-ның күшімен Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен оңтүстік өңірлерден 300 келіден астам каннабис тобына жататын есірткі тәркіленген ішкі есірткі жеткізу арнасы жойылды.

Жоғарыда аталған фактілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.