Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен әзірбайжандық 14 азамат өз елдеріне оралды

Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен әзірбайжандық 14 азамат пен күні кеше Ақтауға келген Әзірбайжан делегациясының 20 мүшесі өз елдеріне оралды. Оның ішінде аман қалған 2 бортсерік пен 1 бала бар. Олар ауруханада қажетті ем алып, жағдайлары тұрақталған соң Бакуге аттанды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен әзірбайжандық 14 азамат өз елдеріне оралды
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Зардап шеккендерді шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ел ақсақалдары, жастар және қоғам өкілдері қатысты.

«Маңғыстаулықтар бауырлас елге жылы тілектерін білдіріп, қолдау білдірді. Қазіргі таңда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында 6 науқас ем алуда. Оның ішінде 4 адамның жағдайы ауыр, 2 адамның жағдайы орташа. Жарақат алғандарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», - делінген әкімдік хабарламасында. 

Айта кетейік, апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басқаруымен Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай зардап шеккендерге мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті. 

Сонымен қатар, бүгін Ақтау, Құрық және Баутино порттарында ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алу және оларға құрмет белгісі ретінде Каспий теңізіне аза тұту гүл шоқтары жіберілді. Теңізшілер бұл жалпыға ортақ қасірет екенін жеткізді. 

«Бұл - жантүгершілік ұшақ апатынан қаза тапқандардың барлығына құрмет белгісі болмақ. Бұл соңғы жылдардағы ең қайғылы оқиғалардың бірі, бірнеше адам қайтыс болды. Олардың қатарында балалар да бар. Қайтыс болғандардың жақындарының сезімдері түсінікті, біз сіздермен біргеміз. Біз қамкөңіл жандардың қайғысына ортақпыз», - деп атап өтті еске алу шарасына қатысушылар.