Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Ресейлік зымыран Ақтау маңындағы ұшақ апатына себеп болды

Ресейлік "жер-әуе" зымыраны Ақтаудағы Azerbaijan Airlines ұшағының апатқа ұшырауына себеп болды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ресейлік зымыран Ақтау маңындағы ұшақ апатына себеп болды
Фото: Т

Бұл туралы Euronews Әзербайжан Үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасап мәлімдеді.

Дереккөздердің хабарлауынша, зымыран Грозныйға шабуыл кезінде атылған, ал оның сынықтары ұшаққа тиіп, жолаушыларды жарақаттаған.

Зақымдалған ұшаққа Ресей әуежайларына қонуға рұқсат берілмеді және оны Ақтауға жіберді.

Ұшақтың GPS жүйелері Каспий теңізі арқылы ұшу кезінде өшірілді. Еске салайық, кеше Ақтау маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапқан еді.