Солтүстік Қазақстан облысында мамандар жойқын жарылысқа жол бермеді, деп хабарлайды Paryz.kz.
ТЖМ мәліметінше, Айыртау ауданы Саумалкөл ауылы Губарьков көшесіндегі жер үйден өрт шыққан.
Мамандар өрттен 2 газ баллонын шығарып, жойқын жарылысқа жол бермеді.
Өрттің ауданы – 40 шаршы метр. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.