13,4 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды, деп хабарлайды Paryz.kz.
2024 жылғы 24 желтоқсандағы жағдай бойынша, 13 423 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем (АӘТ) тағайындалды.
Аталған төлемді тағайындауға жалпы 14 195 адам өтініш білдірген, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет пен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 3 201 адам жүгінді. Оның ішінде 3 087 адамға тағайындалды, – деп қосты ведомство.