Кеше болған қайғылы оқиғадан опат болған астаналық 11 жастағы бала Эльдар Жұмағат туралы ұстаздары пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Әуе апаты салдарынан қаза тапқандар туралы тың деректер белгілі болды. Олардың арасында 11 жасар Эльдар Жұмағат пен оның анасы да бар. Мұғалімдердің айтуынша, Эльдар — дарынды, мейірімді, әрі еңбекқор бала болған. Ол барлық таныстарының жүрегінде жарқын із қалдырды», — делінген министрліктің хабарламасында.
Оқу-ағарту министрлігі қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, олардың қайғысына ортақтасады.