Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Тоқаев Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаев Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Фото: Ақорда

Мәулен Әшімбаев Сенаттың қазіргі қызметі мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берді. Айтуынша, үшінші сессия басталғаннан бері Парламент 28 заң қабылдаған, оның бесеуіне депутаттар бастамашы болған.

Атап айтқанда, Президент жолдаулары мен тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында тұрғын үй саясатына, білім беру және балалар құқығын қорғауға, білім саласындағы жинақтау жүйесіне, биржа саудасы мен кәсіпкерлікке, сот жүйесін реформалау мен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске қатысты заңдар қабылданған.